Сөзі Бәкір Тәжібаевтікі, әні Ескендір Хасангалиевтікі

 

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлдебір алаулаған гүлімбісің.

Әлдебір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым, айтарым көп саған менің.

 

Қайырмасы

 

Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба едің,

Мен сенің құдіретіңе, мен сенің құдіретіңе түсінбедім.

 

Арманым, құздан құлар бұлақпысың,

Әлдебір күлімдеген шырақпысың.

Әлдебір албыраған ай ма екенсің,

Арманым айтшы маған қайда екенсің?

 

Қайырмасы

 

Арманым, жүрегімнің жыры ма едің,

 Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлдебір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын

 

Қайырмасы

 

Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.

Бұл өмірде, бұл өмірде,

Мен жайқалған алау гүлмін,

Арманым, күнде сені, арманым, күнде сені іздеп жүрмін.

 

Сөзі Мүхтар Шахановтікі,

әні Шәмші Қалдаяковтікі

 

Өзіңмен Арыстың

Бойында таныстым.

Жайнаған гүлдей құрбым сен,

Жағада тұрдың сен.

 

Қайырмасы

 

Жаз еді күлкің де,

Қайдасың бұл күнде.

Сені іздеп арманым.

Сыр бойын шарладым

 

Алдыңда бір бақыт,

Тұрғандай тіл қатып.

Толқынға қарап ойлана,

 Әндеттің жәй ғана.

 

Қайырмасы

 

Нұр шашып көзіңнен,

Бір нәзік сезіммен.

Жібектей шашың толқындап,

Қалып ең қол бұлғап.

 

Қайырмасы

 

Кете ме осылай,

Әніміз қосылмай.

Аяулы таңым сен едің.

Көрсем деп келемін.

 

Қайырмасы

 Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі,

әні Нұрғиса Тілендиевтікі

 

Көзімді жүмсам да көрем сені,

 Еседі арманның қоңыр желі.

Куә бол Алатау бақытыма,

Куә бол көк терек көлеңкелі.

 

Қайырмасы

 

Куә бол, жүлдыз,

Куә бол, айым,

Куә бол, Алатауым!

 

Көп іздеп мен бүгін оны таптым.

Бастадым бір әнін махаббаттың

Ақ қайың аялап арманымды,

Куә боп көк өзен күліп жаттың.

 

Қайырмасы

 

Куә бол, жүлдыздар жымыңдасқан

Куә бол, аппақ ай, ашық аспан.

Алданба, жүрегім, енді қайтып,

Арманға кезінде есік ашқан.

 

Қайырмасы

 

Сөзі Қабдікәрім Ыдырысовтікі,

әні Әбілахат Еспаевтікі

 

Бірге тойлап, бірге өткізген,

Жалындаған жас шағым.

Талай қызық күнді өткізген,

Қайдасыңдар, достарым?

 

Қайырмасы:

 

Достар, достар жүрсің қайда,

Бірге еді ғой жанымыз.

 Еске алысып осындайда

Кел, шырқайық бәріміз.

 

Бәріміз де таптық бүгін,

Бақыт жолын іздеген.

Дос үміті- достық сенім

Әрқашанда бізбенен.

 

Қайырмасы

 

Жүрсек дағы қиыр шетте,

Досты ұмытқым келмейді.

Достық жалын бар жүректе

Суымайды, сөнбейді.

 

Қайырмасы

 Сөзі Мүхтар Шахановтікі,

 әні Нүргиса Тілендиевтікі

 

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған

 

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

 

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Pojelaniye.ru, работает 2010-2019 год.