Наурыз мейрамы туралы өлеңдер
*** АУДИО ПОЗДРАВЛЕНИЯ ***
Наурыз туралы өлеңдер
Көктем келбеті
Ызғарлы күн ауысып,
Көгінде қарын тауысып.
Көктем лебі еселі,
Таңғы нұрмен қауышып.
Табиғат көркін келтіріп,
Жан-жануар серпіліп.
Күттірген көктем келдің бе,
Жайқалған гүлмен желпініп.
Көк майса көктем келбеті,
Өзгеріп өңір, жер беті.
Адамзат, бейне көрінер,
Кеткендей қыспен бар дерті.
***
Таңғы әуен
Тамылжыған таңның әсем әуенін,
Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім.
Жамыраған ай жүзіктей сәуледен,
Шапағаттың шар айнасын көремін.
Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір,
Дір еткендей сезінемін денем бір.
Таңғы әуен – тершілікке құштарлық,
Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр.
***
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.
Поделитесь ссылкой в социальных сетях